#Шу: Қайырымдылық - жанның жылуы

#Шу: Қайырымдылық - жанның жылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамда жақсылық жасау – имандылық пен ибалықтың, парасаттылық пен жомарттықтың сипаты. Аллаға шүкір, қайырымдылық негізде игі істер қоғамда өріс алып келеді. Жақсылық жасау қолдан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілік жетіп тұрса, әлбетте екі дүниеге игілігі бар істі ертеңге қалдыруға болмайды. Дана хакім Абай он төртінші қара сөзінде: «Нағыз жүрек ісі - рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» деген. 

Әрдайым жақсылыққа жаны құмар еліміздің мешіттері кезекті қайырымдылығын көрсетті.

"Төле би" мешітінде баласы күйік шалған әйелге перзентінің емі үшін мешіт атынан 23 000 теңге қаржылай көмек берілді. Көмекті аталған мешіттің азаншысы Иброгим Мұстафаұлы табыстады. Баласы үшін жанын шүберекке түйген ана қуанып, алғысын айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: