Қазақстанда терракт жасаған содыр Сирияда өлтірілді

Қазақстанда терракт жасаған содыр Сирияда өлтірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2011-2012 жылдары Қазақстанда бірнеше терактіні ұйымдастыруға ықпалдасқан террорист өлтірілді. Ол Сирия аумағында америкалық пилотсыз ұшақтың әуеден бомбалауы кезінде залалсыздандырылған.

Бұл жайында француздық "Le Nouvel Observateur" газеті "France-Presse" агенттігіне сілтеме жасап жазады деп хабарлайды Астана арнасы.

Мақалада жазылғандай, "Хорасан" джихадтық тобының мүшесі Давид Дауд Дрюжон француз азаматы болып шықты.

Тағы бір француздық басылым Дрюжон кәсіби бомба жасаумен айналысқанын жазады. Ол 14 жасында ислам дінін қабылдаған.

Мысырда білім алып, кейін Ауғанстан мен Пәкістанға аттанды. 2011-2012 жылдары Қазақстандағы бірнеше терактіні мойнына алған "Халифат сарбаздары" ұйымына көмек көрсеткен.

CNN хабарлауынша, кезінде Давид Дрюжонды Қазақстанның қауіпсіздік қызметкерлері де тұтқындапты.

CNN-нің болжауынша, француздар Давид Дауд Дрюжонның "Халифат сарбаздары" ұйымына ықпалдасқанын Қазақстанда қолға түскен содырлардың бірінен естіп-білген. Ол тергеу кезінде Дрюжон жайында бар ақпаратты жайып салған көрінеді. Бұл ақпаратты Қазақстанның қауіпсіздік қызметі де растап отыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: