«Талғат Жақыпбекұлы Отанды сүюдің нағыз үлгісін көрсетіп кетті. Оның Отан қорғаудағы игі амалдары жастарға мәңгі өнеге болмақ. Ол ұшаққа отырған сайын аузынан Алласын тастамай, дұғасын оқитын. Жаратушы Иеміз алдынан жарылқап, жанын жәннаттық еткей. Батырдың ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтаса отырып, Қазақстан мұсылмандары атынан көңіл айтамын», – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 5157
Бас мүфти әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың отбасына көңіл айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың қазасына байланысты қазақтың қаһарман батырының туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.