Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, АТТ мүшесі Ғалымбек Жапек Жамбыл ауданына 3 күндік іс-сапар жасаған болатын.
Іс-сапар барысында ауданға қарасты ауыл- аймақ мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт жамағатына уағыз-насихат жүргізді. Атап айтар болсақ, Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешіті, Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешіті, Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешіті, «Бейсеу ата» мешіті, «Тұрыс» мешіті, «Тұрғани» мешіті сонымен бірге Бесжылдық ауылы мен Қапал ауылдық мешіттерге арнайы барып, жамағатпен кездесті.
Келелі кездесуде мұсылманның сипаты, ислам шариғаты, және де адами қасиеттер сөз болды. Сонымен қатар, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы және де мешіт тәртібі жөнінде жамағатқа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүзеге асты. АТТ мүшесімен кездескен ауыл мешіттерінің жамағаттары көкей кесті сауалдарына жауап алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі