Бас мүфтидің Алматы облысындағы сапарының бір ерекшелігі Жетісу жастарымен жүздесу болды. Облыстың І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында лық толған белсенді жастар Хазретті тік тұрып зор ілтипатпен қарсы алды.
Кездесуден алдын жас буындар, мүфти Хазреттің өмірінен сыр шерткен бейне фильмді тамашалады.
Бас мүфти жастарға имандылық, ұлтжандылық жайлы насихат жасап, ынтымақпен бірлік, мейірімділік, болашақ жастарымыз білімді болуы жайында кеңінен әңгіме өрбітті.
Облыстық жастар саясаты басқармасының бастығы Руслан Алиұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің жастармен кездесуге арнайы уақыт бөліп келгеніне алғысын айта келе, құремтті Хазрет! Сіздің қолдауыңызбен діни басқарма жанынан жастар ісі бөлімін ашқаныңыздың өзі сіздің жастарға үлкен көңіл бөлгеніңіздің айғағы деп, өз ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алынды.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі