#Меркі ауданы: Мешіт ауласы жөнделуде

#Меркі ауданы: Мешіт ауласы жөнделуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен, балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сынды көптеген діни рәсімдер мешітте орындалады. Яғни, мешіт - көпшілік жиналатын, Ислам дінінің негізі орталығы болып есептеледі.

Мешіттің тазалығынан, сәнділігінен мұсылмандардың қандай екендігі көрінеді.

Осы мақсатта, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қызметке келгелі мешіт ғимаратын, асханасын және ауласын жаңартып, заман талабына сай кейіпке келтіруді алдына мақсат қылып қойған болатын.

Мешіт қызметкерлері мен жамағаттың атсалысуымен кезек мешіт ауласына жетті. Мешіт ауласына қара топырақ төгіліп абаттандыру жұмыстарына дайындық жүргізілді. Мешіт ауласындағы жаяу жүргінші жолдары қалыпқа келтіріліп, мешіт ауласы сәнделуде.

Айта кетейік, осыған дейін Азамат Берікұлының бастамасымен мешіт асханасы және ас дайындау бөлмесі заманауи үлгіде күрделі жөндеуден өткен болатын.

Мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты және асхананы жалға алушылар имамға разы болып алғыстарын білдіруде.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: