Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылы орталық кітапханасында ауылдық «Махат ата» мешітінің имамы Ескендір Шаршенұлының қатысуымен «31- мамыр саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай, кітапхана қызметкерлері және де ауыл тұрғындарының қатысуымен Алаш арыстарының кітаптары мен шығармалышығын дәріптеу мақсатында рухани кеш өткен болатын.
Аталған шара алаштың алып тұлғаларына деген құрмет қалай көрсетілу керектігі жөнінде өрбіді. Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері мешіт имамына қонақ болып, рухани азық нұрын сепкені үшін алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі