"Нұр-Мүбарак" университетінде "Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту" атты 1 айлық оқыту семинары басталды.
Аталған семинарға Шу ауданы бойынша Шу қаласы "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов оқуға жіберілді.
Бүгінгі түрлі теріс бағыттағы ағымдар кең тараған уақытта шариғат ілімін жетіп меңгергенімен қоймай радикалды көзқарастағы азаматтармен арнайы методика арқылы жұмыс жүргізе білетін мамандар керек-ақ. Осы мақсатта имам Алматыда 1-маусымнан 30-маусым аралығында семинардан өтіп, тәжірибе жинап қайтпақ.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі