Бірлік ауылында 2012 жылы мектеп бітірген түлектер 3 отбасына қайырымдылық жасады. Домалақ Ене атындағы орта мектебінің 2012 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына орай Бірлік мешітінде қайырымдылық жасады.
Үнемі жақсы істердің қасында жүретін мектеп түлектері бірлік танытып, көмекке мұқтаж 3 отбасына тұрмысқа қажетті азық-түліктерін әперді. Бұдан бөлек 1 қойдың етін шикідей таратты. Шара соңында Бірлік мешітінің имамы Жұматаев Медет шариғат талаптарына сәйкес уағыздар айтып, көпшілікті жақсылық жасауға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі