Жиенбет ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер ауыл мешітінде болды.
Жиенбет Жексенбай мешітінің Құран әліпбиі курсына 200 мың теңгедей қаражат жинап берді. Аталған мешіттің имамы Бердібеков Шүкірәлі бұл соманы жазғы уақытта ұйымдастырылатын балалардың Құран оқыту курсына жарататындығын жеткізді. Осылайша ауылын ұмытпаған атымтай жомарт азаматтарға дұға жасап, алдағы тірліктіеріне жеміс тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі