Асыл дінімізде мұқтаж жанға көмектесудің сауабы мол екені айтылады. Өзіңде барды өзгемен бөлісіп, қайырымдылық жасаудың шарапаты шексіз. Осынау ізбен Шу қаласындағы Әбу Бәкір Әс-Сыдық Мешіті 50 мың теңгеге 2 отбасына азық-түлік таратты.
Мешіт имамы Бахыт Нұрлыханов жамағат әркез тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасылрға көмек көрсетіп келе жатқанын жеткізіп, бұл да соның бір парасы екенін атады. Қайырымдылықтың игілігін көргендер өз алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі