Бүгін Шу ауданы, Еңбекші ауылының түлектері ауыл мешітінде бақилық болған құрдастарын еске алып, құран бағыштады. Мектеп бітіргендеріне 10 жыл толған құрдастар ауыл тұрғындарына дастархан жайып, орталық Төле би мешітінің имамы Талғат Кәрібайыұлын шақырды.
Талғат Кәрібайұлы береке, бірлік турасында уағыздар айтып, демеушілік жасап жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар аталған ауылда кәсіпкер ауыл азаматтары мешіт жанынан қызметтік үйдің құрылысын бастаған болатын. Қазіргі кезде мешіттер жанынан қызметтік үй салу заман талабы болып тұр. Мешіттің қызметіне баспана болмаса университет пен медресе-колледж бітірген түлектерді тарту қиынға соғады. Осынау жағдайды ескерген ауылдың атымтай жомарт азаматтары аталған істі қолға алған. Талғат Кәрібайұлы қызметтік үйдің құрылысымен танысып, демеушілерге батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі