Дубай қаласында әлемдегі ең үлкен сауда орталығы ашылмақ. Оның құрылысы 2015 жылдың бірінші тоқсанында басталады.
Орталық The Mall of the World деп аталауы мүмкін. Жаңа орталықтың жалпы алаңы 4,5 млн. шаршы метрді құрайды. Жоба құны - $6,8 млрд.
Жыл сайын сауда орнына келушілер саны 180 млн адам болады деп күтілуде.
Дүкендерден басқа, сауда үйі аумағында 20 мың орындық қонақүй, медициналық мекемелер, театр, цирк, саябақ, отбасылық ойын-сауық орталығы болады деп жоспарлануда.