Қырғыздар қызтекелікке салынған медресе ұстазын ауылдан қуды

Қырғыздар қызтекелікке салынған медресе ұстазын ауылдан қуды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қырғызстанның Нарын облысында орналасқан Қошқар ауылында жергілікті тұрғындар қызтекелікке салынған медресе ұстазын елдімекеннен қуып жіберді.

Қазіргі таңда 39 жастағы ер азаматтың қайда екені белгісіз. "Азаттық" радиосының мәліметінше, қуылған ұстаздың есімі Махмуд.

Белгілі болғандай, ол бұған дейін Қошқар ауылындағы мешіттің имамы қызметін де атқарған көрінеді. Тұрғындардың күдігін қандай жайттың туғызғандығы айтылмай отыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың көктемінде қырғыз парламенті гомосексуализмді насихаттауға заң жүзінде тыйым салған болатын. Одан сәл ертерек елдегі мүфтият біржынысты "махаббатқа" қарсы пәтуа да шығарған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: