Шведтік өнертапқыш Фредрик Колтинг адам өмірінің ұзақтығын анықтайтын сағат жасап шығарды. Сағат уақытты кері санап, оның иесінің қанша өмір сүру уақытының қалғанын көрсетеді, деп жазады шетел басылымы Mail Online.
Бұл туралы Bnews.lite хабарлайды.
Уақыт өлшейтін құралды жасап шығарған Фредрик Колтинг гаджетке "Тиккер" деген атау берді. Алайда, кейбір адамдар оны "ажал сағаты" деп атайды.
Сағатты дұрыс іске қосу үшін оның иесі арнайы сауалнама толтырады. Мәселен, уақыт өлшейтін құралға оның иесі әулетінде қатерлі ісік, сусамыр және басқа да дертпен ауырғандардың болған-болмағандығы, өзінің қандай аурулармен ауырғандығы, алкоголь мен темекі өнімдерін қаншалықты тұтынатындығы туралы ақпаратты енгізуі қажет.
Сонымен қатар, сағат тағатын адам дене салмағының өлшемін және спортқа әуестігі туралы ақпарат беруі тиіс.
"Тиккер" сағаты жинақталған мәлімет негізінде иесінің қазіргі жасын есептеп, қанша уақыт өмір сүретінін анықтап береді. Уақыт өлшеуіш құралдың бағасы - 80 долларға жуық.