Ғалымдар ауысымды жұмыстың мидың қартаюын тездетіп, ақыл-ой мүмкіндіктерін тежейтінін ескертті, деп хабарлайды ВВС.
«Профилактикалық және экологиялық медицина» журналында жарық көрген ғалымдардың зерттеуі он жыл бойы ауысыммен жұмыс істеген адамның миы алты жылға қартайып кететінін көрсетті.
Оның үстіне түнгі жұмысымен қош айтысқан адамға толығымен бұрынғы қалыпқа келу үшін бес жылдай уақыт қажет екен.
Адам ағзасының биологиялық сағаттары күндіз белсенді болуға, ал түнде ұйқыға бағытталған.
Көз майын тауысып, түнгі жұмыстарда еңбек ететін адамдар қатерлі ісік пен семіздікке жиі ұшырайды.