#Жуалы: Ауыл имамдарымен жиналыс жасалды

#Жуалы: Ауыл имамдарымен жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы  аудан бас имамы Асхат Аманжолұлының қатысуымен  «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл имамдарымен жиналыс өтті. Жиын барысында бас имам Асхат Аманжолұлы  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», құжаттарын насихаттады.

  Жиналысқа қатысқан  имамдарға мешітте бес уақыт намазда болуды және мешіттегі намазға көңіл бөлуді, қызметке жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Имамдарға имам киіміне көңіл бөлуді, ескірген жағдайда мейлінше жаңалауды жүктеді.

Мешіттердегі  бейне бақылау камералардыңжұмыс істеп немесе істемей тұрғаны анықталған жағдайда. Дер кезінде хабардар етуді талап етті.

Жаназа, ас, жиындарды т.б. діни рәсімдерді атқару барысын түсіндіріп өтті.  Алдағы жоспарда аптасына екі рет имамдармен құран оқуы білім деңгейін және оқытуды қолға алу керектігін айтып өтті.

Имамдар өз кезегінде Қасиетті Рамазан айында атқарылған іс-шара барысын есер берді.

Жуалы  аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: