#Тараз: 30 күнде 30 рет Құран хатымы жасалды

#Тараз: 30 күнде 30 рет Құран хатымы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы таспихтер тартылып, мешіттерде таруық намаздарын жамағатпен оқып, құран хатым түсірілетін ай. Осы айдың шарапатымен барлық амалдарымыздың сауабы еселене түседі. Құран Алла Тағала тарапынан Пайғамбарымызға (С.Ғ) берілген үлкен мұғжиза, қасиетті кітаптардың соңғысы, адамдарды тура жолға бастаушы кітап.

Құраннан 1 әріп оқыған адамға 10 сауап жазылады, ал рамазан айында сауаптар 10 еселенеді. Ораза айының сауабын алу үшін "Кеңесхан қажы" мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттері күнде құран хатымын түсіріп отырды.

Нәзік жандылар 30 күнде 30 рет Құранды хатым етті. Аталған 30 хатымның дұғасы жасалып, көпшілік көзге жас алды. 

Хатым дұғасының алдында мешіт ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы Құран оқу мен Рамазан айы және Айт мерекесіне қатысты уағыз-насихат жүргізді. Жиын соңында жамағатпен бірге еліміз, жеріміз үшін, жалпы мұсылман елі үшін дұға жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: