#Тараз: "Пайғамбар Мұхаммедке үздік хат жазу" байқауы жасалды

#Тараз: "Пайғамбар Мұхаммедке үздік хат жазу" байқауы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Ар Рахман ар Рахим" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы әйел-қыздар секторы, аталған мешіттің ұстазы Зора Айдарованың ұйымдастыруымен "Пайғамбар Мұхаммедке (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үздік хат жазу" байқауы өтті.

Жеңімпаздарға үш жүлделі орын және ынталандыру сыйлығы берілді.  М.Исмаилова, М.Сүлейманова, Н.Аязхановалар ең әсерлі хаттарымен көпшіліктің көңілін толқытып, жүлделі орындарды иеленді. 

Қазылар алқасының айтуынша жеңімпаздарды таңдау өте қиын болды, өйткені барлық хаттар шынайы жазылған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: