ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторы, "Кеңесхан қажы" мешітінде мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты Рамазан айында қайырымдылық істен құр қалмай әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж келіншектерге көмек көрсетті.
Зейнеп Үсенова бастаған ұстаздар мен шәкірттері 9 отбасыға әрқайсысына 10.000 теңгенің көлемінде азық-түлік таратты. Әр шаңыраққа арнайы барып, керекті азықтарды жеткізіп берді.
Қасиетті айда жасалған мұндай көмекке тұрғындар шынайы алғыстарын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

