Бүгінде бүкіл әлем бойынша халал өндірісі ерекше қарқынмен дамуда. Азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, парфюмерия мен фармакология және т.б. салалар да халал өндірісіне айрықша ден қоюда. Халал дүние тек тағаммен шектеледі деп топшылап келген тұтынушы қауым бұл ұғымның аясы кең екеніне кейіннен көз жеткізді.
Осындай халал өнімді даярлап шығып, тұтынушы халыққа адал ас ұсынып отырған "Асату" ЖК кәсіпорны "ҚМДБ Халал" сертификатын жаңартты.
Қамыр шығаратын өндіріс орнына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов арнайы барып, қызмеркерлеріне халал асты даярлау, жеке бастың тазалығы туралы семинар-тренинг өтті. Кәсіпорын басшысына сертификатты табыстап, істеріне береке тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі