Уруса Аршид - Батыс Бридгфорд (Ұлыбритания) өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. 2022 жылғы Өртке қарсы қызметтегі әйелдер марапатында «Жастар үлгісі» сыйлығының иегері атанды.
2019 жылы Ноттингемшир өрт сөндіру және құтқару қызметіне өрт сөндірушінің шәкірті ретінде қосылған Уруса Ұлыбританиядағы алғашқы хиджаб киген өрт сөндіруші болды.
«Жастар үлгісі» сыйлығы ерекше еңбекқорлық, ынта және табысқа жетуге деген жігерін көрсететін адамдарға беріледі.
Уруса Аршид көптеген адамдар үшін керемет үлгі болды. Өмірлік ұстанымынан ауытқымай еңбекте табысқа жетуге болатынын өз үлгісімен дәлелдеді. Ноттингемнің 27 жастағы тумасы Уруса Аршид арманын орындап, өрт сөндіруші-құтқарушы бола алды. Бұл ретте өрт сөндіру бөлімі оған дулығасының астына киетін отқа төзімді арнайы матадан жасалған шариғат шәлісін берді.
asyldin.kz