Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттеріне дәріс оқыды.
Іс-шара барысында аталған оқу орынның 2022 жылғы 27 сәуірдегі Сенат қаулысымен (9 хаттама) білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Құрметті профессор академиялық атағы берілді. Студенттермен өткен кездесуде дәл осындай академиялық атақ Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашқа да берілді.
Айта кетейік, игі іс-шарада Қазақстан және Түркияның Бас мүфтилері шәкірттерге білім алудың маңызы туралы насихат айтты.