Ауғанстан президенті Ашраф Гани Ахмадзай өз есімін өзгертті. Ол Ахмадзай деген тегінен бас тартып, жай ғана Ашраф Гани атанып отыр деп жазады Associated Press.
Бүгінде президент жаңа төлқұжат алып, оның атымен байланысты барлық іс-қағаздар мен құжаттар өзгертілуде.
Ахмадзай - Ауғанстандағы ең ірі рулық қауымдастықтың бірі. Оның мүшелері өз есімдерінің соңына Ахмадзай деп қосып жазады.
Ал, Ашраф Гани Ахмадзай осы жазда өткен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, президент тағына отырған болатын.