Ашура күні - мұсылман баласының қасиетті күндерінің бірі. Бұл күннің пайғамбарлар тарихында ерекше орны бар. Мәселен, Адам (ғ.с.) пайғамбардың тәубесінің қабыл болуы, Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың кемесінің тоқтауы, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың оттан құтылуы, Мұса (ғ.с.) пайғамбардың дұшпандардан құтылуы, Жақыптың (ғ.с.) ұлы Жүсіппен қауышқан күні. Ашура күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза ұстап, мұсылмандарғада ауыз бекітіп, жақсы амал жасауды өсиет еткен.
Бұл күні оразадан басқа да жақсы амал жасаудың сауабы көп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде ашура күні мұсылман баласы шамасы келгенше туыстарына, көрші-қолаңына жақсылық жасаса, әсіресе отбасы мүшелеріне сый-сияпат жасап, көңіл бөлудің өзі жақсы амал екенін айтқан.