Қасиетті Рамазан айының соңғы күні Шу ауданы "Кәрібай молда" мешітінің имамы Нұрлан Қалиевтың ұйымдастыруымен арнайы акция өткен болатын.
170 мың теңгеге азық-түлік тауарлары алынып, арнайы қорапқа салынды. Сосын безендірілген қораптар 21 адамға таратылды. Мешітке келуге мүмкіндігі болмаған кісілердің үйіне зиярат жасалып, тартулар табыс етілді.
Акция барысында мешіт имамы Ораза айттың келуімен құттықтап, оларға игілік пен ырыс нәсіп болсын деді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі