Жуырда Шу ауданы "Жәми" мешіті жанындағы әйел-қыздар секторы қастерлі Рамазан айында Құран кәрімді 6 мәрте бастан-аяқ оқып шыққан болатын.
Арнайы уақыт бөліп 6 рет хатым жасау ерлерге бергісіз батырлық. Әдеттегідей ұстаздарымен бірге шәкірттер бас қосып, хатымның дұғасын жасады.
Соңғы уақытта шулық нәзік жанды жамағат тың идеялар мен тындырымды тіршіліктерімен ерекшеленіп жүргені жасырын емес. Жаратушы Иеміз жәрдем берсін демекпіз.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі