Отыз күнгі оразаның соңғы күнінде Шу ауданы Белбасар ауылындағы "Хати Сауранбай" мешітінде мерейлі шара ұйымдастырылды. Аталған мешіт имамы Бақыт Тілемісовтің айтуынша ауылдағы әлеуметтік осал топтың адамдарына азық-түлік түрінде 15 қорап таратылды.
Рамазан айы басталғаннан бері ізгілік жолында жан ұшырып жүрген мешіт имамдары Айт алдында сауапты амал істеуде. Алла Тағала разы болып, әмәндә әрекеттерін қабыл етпей.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі