Ағымдағы Рамазан айында Шу ауданында көптеп зекеттер берілген болатын. Сонымен парыз етілген оразаның мәресінде де бірқатар зекеттер беріліп отыр.
Біз баяндағалы тұрған шараның барысы бөлек болды. Өйткені 2 бас қой Алла жолында қызмет жасап жүрген мешіт имамдарына берілді. Игі іске ұйытқы болған "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаев.
Аталған имам қос әріптесін "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының қолқасы бойынша аудан орталығындағы Алла үйіне шақырып, 2 бас қойды табыстады. Қолдау көрсеткен үзеңгілестеріне алғысын білдірген Бақытжан Дүйсебаев пен Дүйсенғали Көдебай баталарын берді.
Сонымен қатар Талғат Кәрібайұлы дұға жасап, себепші болған имамға және ауылдық мешіт имамдарына Алладан берекет пен жақсылық тіледі.
Сондай-ақ осы күні Сауытбек ауылында 8 бас қой, Бірлікүстем ауылында 1 бас ешкі зекет ретінде тиісті жандарға жеткізілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі