Рамазан айында Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде тарауық намазында толық құран хатым түсірілді. Қариларға Алла разы болсын.
Құран хатымын күнделікті тарауық намазында 3 қари оқып отырды. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов қарилардың еңбегін жоғары бағалап, 350 000 теңге сыйақыны табыстады.
Мешіт жамағаты осындай іс–шараны ұйымдастырған «Байзақ баба» мешітінің бас имамына ризашылығын білдірді. Мешіттің ақсақалдары келесі тарауыққа аман-есен жетуге батасын беріп, жамағатпен бірге дұға жасады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі