Үйдің қабырғасын шариғат талаптарына сай әшекейлеген суретші (ФОТО)

Үйдің қабырғасын шариғат талаптарына сай әшекейлеген суретші (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптада Кіші Новгород қаласындағы Черняховск көшесіндегі 9А тұрғын үй кешенінің қабырғасын әшекейлеу жұмысы аяқталды.

Рустам Салемгараев за работойФестивальге қатысушы өзге сәулетшілермен бірге Қазан қаласының тұрғыны көше суретшісі Рустам Салемгереев те сайысқа қатысып, тоғыз қабатты тұрғын үй қабырғасына өзінің алғашқы ауқымды жұмысын сызып шықты. Бір қызығы, Рустам өсімдік әлемі арқылы өрілген ойдың негізгі кейіпкерлеріне бас орнына гүл қауыздары бейнелеген көрінеді.

Рустам Салемгереевтің сюрреалистік деп аталатын жанрда еңбек етіп жүргеніне көп болғанымен, жанды бейненің суретін салудан бас тартқанына небары алты ай ғана толыпты.

«Бұған Ислам дінінің жанды бейненің суретін салуға қатысты тыйым салғаны себеп болды. Сондықтан да мен рұқсат етілген сурет өнері мен жанды бейнелердің арасындағы «алтын аралықты» табуға талпындым. Алла Тағала менің қиялыма қанат беріп, өнерімнің өрге жүзуін нәсіп етті», – дейді Рустам өзінің сұхбатында.

Осылайша, суретші еңбектерінде жаңа бейнелер пайда бола бастады: бас орнына гүл қауыздары, бақалшақтар, тіпті үйлер орналасқан. Қиялына қанат бітірген жаңа бейнелерге көрермендер тарапынан қызу қолдау білдіріліп, Рустам өз өнерін дамыта түсті.

Кіші Новгород тұрғындары қала үйлерінің қабырғасы қалай түрленіп жатқандығын тайлы-тұяғымен тамашалап, суретшіні үзіліс уақытында жеміс-жидектермен, жаңа піскен бәлішпен сыйлауға тырысты. Тіпті, кейбірі үйлеріне қонаққа шақырып, Рустамның шаңырақтарында намаз оқығанын қалады.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: