Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау облысына барған ресми іс-сапары барысында Ақтау қаласының орталық мешітінде жамағатпен жүздесті. Қасиетті күннің құлшылығына жиналған жамағат Бас мүфтидің уағызын тыңдады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірінің соңғы сәттерін, оның абзал бейнесін, үлгі тұтар қасиеттерін айтқан Ержан қажы Маямеров мұсылман адам үшін адамзаттың асылы Мұхаммедтен (с.ғ.с.) алар ізгі өнегелер мол екенін айтты.
«Адамгершілік пен ұлтжандылық қасиеттердің адам бойында көрініс табуы – дінді толық білу. Жұмыла көтерсек, жүк жеңіл, ырыстың баратын жері – ынтымақ, сондықтан ел азаматтары бірлік ұранын ұстануы тиіс», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти жұмадағы жүздесуде жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Маңғыстаулықтарға бейбіт өмір тілеп, дінді өркендету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Жұма намазынан соң Құран оқылып, Бас мүфти бата берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз