Биылғы Рамазан айының соңғы күні сауапты амалдарға толы болды. Мүмкіндік айында мүлгімеген Шу ауданының мешіттерінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Шу қаласы Қант зауыты шағын ауданында қоныс тепкен "Әбу Бәкір" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов бірнеше отбасыға әжептәуір уақытқа дейін жететін азық-түлік себеті тартылғанын айтып отыр.
Сондай-ақ Ақтөбе ауылындағы "Жылғабек" мешітінің имамы Әбусейіт Қоспанов 100 мың теңге қаржыға 4 отбасыға азық-түлік қоры табыс етілгенін сүйіншіледі.
Мұндай мерейлі шара Баласағұн ауылында да өткен. Аталған ауылдағы мешіт имамы Байұзақ Жаманкеев 50 мың теңгеге 2 отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілгенін хабарлады.
Алла Тағала Ораза айты алдында жасалған жақсылықтарға мол сауаптан жазсын деп тілек қосамыз.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі