Жуырда Шу аудандық "Жәми" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Ораза айты мерекесі алдында өткен шарада 23 адамға айттық қоржын берілді.
Айттық кәделерді таратқан Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы мешіт ауласына жиналған жандарды келе жатқан Айт мерекесімен құттықтап, оларға бақ-береке тіледі.
Мұсылман қауымының қадыр тұтатын қос мейрамының бірі Ораза айт алдында тарту алғандар ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі