Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінде Рамазан айының санаулы күндеріне орай, қайырымдылық себеттерін үлестірді.
Қайырымдылық себеттері тқрмысы төмен 5 ауыл тұрғынына таратылды. Сауаптар еселенетін айда, құр қалмас үшін ауыл кәсіпкерлері де демеушілік көмек көрсеткен.
Азық-түлік ретінде таратылған қайырымдылық көмекке 91 600 теңге қаражат кеткен. Аталған көмек алған отбасылар ауыл имамы мен демеушілерге алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

