#Жамбыл: Ауданда қыз-келіншектерге арнап ауызашар берілді

#Жамбыл: Ауданда қыз-келіншектерге арнап ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы, аудандық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Жайна Бекназарова және де «Жанашыр жан» қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен аудан орталығында арнайы әйел кісілерге арнап мейрамханаға ауызашар берілген болатын.

Аталған ауызашар ауылдағы көп балалы аналарға, ерекше балалары бар аналарға және де әлі дінге келмеген жүзден астам  қыз-келіншектерге арналды. Келелі кездесуде мешіт ұстазы асыл дініміз – Ислам турасында кеңінен уағыз айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдері жөнінен көркем уақиғаларды баян етті. Ауызашарға қатысқан ауданның қыз-келіншектері мен ақ жаулықты аналары ұйымдастырушы қор мен мешіт ұстазына алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: