Тараз қаласында орналасқан «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтің ұйымдастыруымен қасиетті Қадір түні ерекше іс-шаралармен естен кетпестей етіп өткізілді.
Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, ораза ұстап, тарауих намазын оқып жүрген жамағат сый-құрметке бөленді. Мешіт ауласында Қадір түнінің құрметіне орай 200 кісіге ауызашар мен сәресі асы берілді. Мешіттен ауыз ашып, сәресін ішіп қуанған жамағат тарауық намазынан кейін ұйымдастырылған түрлі сұрақ-жауап ойындарына қатысып, бағалы сыйлықтарға қол жеткізіп, тағы да бір қуанышқа бөленді.
Уағыз-насихат тыңдап, білім нәрімен сусындады. Жамағатты жалықтырмайтын шаралар таң намазына дейін жалғасты. Жамағат мешітте таң намазын оқып тарады.
Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі



15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

