Қордай ауданында өңір мешіттері "Қадір түнінен қайырым, оразадан байғазы" науқаны аясында 53 адамға 760 000 теңгеге қайырымдылық жасады.
Атап айтсақ, Кенен ауылында 3 отбасыға қой беріп, 180 000 теңге жұмсаса, Қақпатас ауылында 7 отбасыға 90 000 теңгеге азық-түлік жеткізілсе, Жаңатұрмыс ауылында 3 отбасыға 60 000 теңге қаржылай көмек берілді. Ал Қаракемер ауылында 20 отбасыға арналған қайырымдылық іс-шарасы жасалып, 430 000 теңгеге көмек үлестірілді.
Күллі мұсылмандардың ұлық мерекесінде мешіттен көмек алғандар мерекелік көңіл күйлерімен бөлісіп, алғыстарын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

