Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық шарасы өтті.
Осыдан бірнеше күн бұрын інісінің 5 жастағы қызына ота жасау үшін көмек сұрап бір әпкеміз келген еді. Мән-жағдайға көз жеткізген мешіт қызметкерлері мен жамағаты дереу қаржы жинауға кіріскен болатын.
Қайырымдылық аясында 121 мың теңге көлемінде қаражат жиналды. Бас имам Азамат Берікұлы түскен қаражатты мешітке ақшалай көмек сұрап, өтініш білдірген әпкеміздің қолына 250 мыңға толтырып қаржылай көмекті табыстады.
Алла Тағала дерті бар бауырларымызға шипасын берсін. Қайырымдылық жасаушылардың істеріне береке беріп, сауаптан жазсын!
Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі