«Малым жанымның садақасы» дегенді негізге алып, малын садақа етіп жатқандар баршылық. Сондағы мақсаты Алла Тағаланың разылығына қол жеткізсем деген ізгі ниет.
Алла Тағала және Оның елшісі әрі құлы пайғамбарымыз Мұхаммедте с.а.у садақаны сау күнінде беруге шақырған.
Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың ұйытқы болуымен 1 бұқа құрбандыққа шалынды.
Сойылған малдың еті ауылдағы жәрдемге мұқтаж 24 отбасыға түгел таратылды. Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға ризалықтарын білдірді.
Алла Тағала кәсіпкер азаматтарымыздың мал-жандарына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі