Мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі — қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні. Айтулы бұл түн биылғы жылы сәуір айының 27-нен 28-не қарған түнге келіп тұр. Қадір түні — адамзаттың ақ пен қараны айыратын түн және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі болып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн.
Қасиетті Қадір кешінде «Толымбай тегі Змябек» мешітінің ұстазы Иманалиева Жазира Полатқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты ауызашар дастарханын жайды. Сонымен қатар жамағаттармен әйелдер бөлмесінде құлшылық-ғибадаттар, тасбих намазы оқылды.Ұстаз Жазира Полатқызы Құран оқыды. Соңында сыйлықтар табысталды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.