Жақында Шу аудандық «Жәми» мешіті жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы жайылған болатын. Аталған ауызашарда сектор ұстаздар тақуалық, Рамазанның артықшылығы туралы уағыз айтып, сұрақ-жауап ойынын өткізді.
Сонымен қоса шара үшін арнайы әзірленген сыйлықтар беріліп, қыз-келіншектер көтеріңкі көңіл күймен тарқады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



10 Тамыз 2026
25 Сафар 1448

