#Шу: Сыйлықтар берілді

#Шу: Сыйлықтар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяуда Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 әйел кісіге күнделікті қажетті азық-түлік қоры топтастырылған «Рамазан» себеті берілген болатын. Сый алған нәзік жандар ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар бұрынырақ басталған «30 күн бойы өзіне есеп бер» марафоны өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.  Күніне құран оқу, 1000 мәрте салауат айту,нәпіл намаздар оқудан алдына қара салмаған 3 қатысушыға  ыдыс-аяқ пен ас бөлмесіне керекті бұйым берілді.

Сауапты іске қамшылайтын мұндай марафон барша мұсылманға тек пайда әкелетіні анық.  Әйел-қыздарды осындай іске ұйымдастырып жүрген сектор ұстаздарына Алла разы болсын!

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: