#Шу: «Қош бол, Рамазан!» кеші өтті

#Шу: «Қош бол, Рамазан!» кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Шу аудандық «Жәми» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қош бол, Рамазан!» атты рухани кеші өткен болатын. Қасиеті мол Қадір түні қарсаңында өткен шараға сектор ұстаздары, ақ жаулық әжелер мен қыз-келіншектер, шәкірттер қатысқан.

Мың айдан да қайырлы түні бар кеште өткізілген рухани шара мазмұнға толы болды.  Қатысушыларға сұрақтар қойылып, дұрыс жауап иелеріне діни кітаптар, тәспілер секілді күнделікті қажетті дүниелер сыйлық ретінде берілді.

Сондай-ақ  Рамазан айында құранға түскен қыз-келіншектер марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Өйткені ай басында Құран жаттау, тапсыру сабақтары жүргізілген болатын.  Жүзден жүйрік атанған бір шәкірт құранның 1 парасын жаттаса,  үлкен жастағы бір ана жарты пара жаттаған. Оларға арнайы заттай сыйлықтар естелікке берілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: