Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Ләззәт Махамбетова облыс орталығындағы «Қош бол Рамазан» атты семинарға қатысып қайтты. Тараз қаласында әйел-қыздар секторы ұстаздары мен қыз-келіншектердің басын қосқан бұл семинарда сөлді сөздер айтылып, салмақты әңгімелер қозғалған болатын.
Семинар барысында Ләззәт ұстаз өз ойымен бөлісіп,аталған іс-шарадан қажетті тәжірибесін толыстырып қайтты. Үнемі үй шаруасымен және балалар тәрбиесімен тікелей айналысатын жандар үшін мұндай шаралардың мәні зор дейді шараға қатысушы ұстазымыз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

