Жақында Шу ауданы Көктөбе «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар 9 отбасыға 25 келідеген ұн мен 5 келі күріштен зекет түрінде садақа берілді дейді ол өз мәліметінде.
Сондай-ақ Көкқайнар мешітінің имамы Темірлан Оразбаев та мешіт атынан екі отбасыға азық-түліктей көмек берілгенін мәлімдеп отыр.
Онымен қоса Бірлік ауылында мешіт имамы Медет Жұматаевтың ұйытқы болуымен осы ауылдың әлеуметтік осал топтағы тұрғындарына киім түрінде қайырымдылық жасалған.
Садақа-сауапты амал. Оның шын бағасына жетіп, парқын білген жан садақа беруді әдетке айналдырып, Алла қаласа Раббысынан лайықты сыйын алмақ.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

