#Шу: Қадір түні лайықты түрде өткізілді

#Шу: Қадір түні лайықты түрде өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Серігі жоқ Алла Тағала ардақты Пайғамбарына (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Құран аяттарын Рамазан айында оның ішінде Қадір түні түсіргенін бізге баяндайды.

Мың айдан қайырлы түні бар бұл кешті Шу ауданындағы мешіттер лайықты түрде қарсы алды. Аудандық «Жәми» мешітінде сондай-ақ қарилар қонақ болған барлық Алла үйінде хатым дұғасы жасалып, жамағат әумин десіп қол жайды. Артынан Алла сөзін толық жаттаған жандарға қазақы жолмен құрмет көрсетіліп,  жамағат атынан қаржылай сыйлық беріліп, ақадал еңбектеріне алғыс айтылды.

Сонымен қатар Қадір түніне орай қала мен ауылдағы мешіттерге жамағат жиналып, имамдар ұйымдастырған маңызды шараның куәсі болды. Асыл дінімізге қатысты жеңіл сұрақтар қойылып, тура тапқан кісілерге тұрмысқа, құлшылыққа қажетті сыйлықтар берілді. Бірқатар ақсақалдарға, алқа мүшелеріне арнайы сияпат жасалып, кілемдер берілді.

Кеш батқаннан таң атқанға дейінгі уақытта уағыз айтылып, ойындар ұйымдастырылып, жоралғылар жасалды. Спорттық шараларда ұмыт қалған жоқ. Көптеген мешіттерде сәресі беріліп, келушілер таң намазын оқып тарқасты.

-Биыл Рамазан айы өңіріміз үшін оңынан болды. Карантин салдарынан мешітіміз жетімсіреп, ауызашарлар берілмей, офлайн уағыздар айтылмай қалған еді. Есесіне осы жылы оңға жуық мешіттерге қарилар келіп, тарауих намазында хатымдар түсірді. Барлық дерлік мешіттерде үзілмей ауызашарлар берілді. Уағыз-насихат блогы жанданды. Түрлі қайырымдылықтар жасалды. Ірі көлемде зекеттер берілді. Сонымен қоса ауданымыздағы Қадір түні ерекше өтті. Жамағатты жалықтырмайтын шаралар болды.  Алла Тағала 30 күн ұстаған оразаларымызды, жасаған амалдарымызды қабыл етіп, келесі Рамазанға сау-саламат жеткізсін деген дұғамыз бар, - дейді Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы өз сөзінде.

Шу аудандық «Жәми» баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: