Рамазан – сағына күтіп, қимай қоштасатын, Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған мұсылман жұртшылығының қасиетті айы.
Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылында «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Ансар Абиловтың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігіне орай, қайырымдылық жасалды.
Аталған шара тұрмыс жағдайы төмен он отбасыны қамтыды. Көмек алған отбасылар ауыл имамына алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі