Ғалымдар күніне 5 қасықтан артық қант қолданбауға шақырды

Ғалымдар күніне 5 қасықтан артық қант қолданбауға шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам күніне 5 шай қасық қана қант тұтынуы керек. Ньюкасл Университетінің зерттеушілері осындай пікірге келді деп жазады Қазақпарат.

27 қаза

Ғалымдар күніне 5 қасықтан артық қант қолданбауға шақырды
Ғалымдардың айтуынша, егер осы талапты адам берік ұстанса, ол жүрек ауруынан, қант диабетінен және тіс ауруынан сақтана алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жалпы тұтынатын калория құрамында қанттың үлесі 10 пайыздан аспауы керектігін 1990 жылдан бері ескертіп келеді. Бұл шамамен ер адамдар үшін 70 грамм, әйелдерге 50 грамм қант.

Ал, зерттеушілер соңғы тұжырымда тіпті оның мөлшерін 5 пайызға дейін төмендету керектігін ескертіп отыр. Оның себебі, қазір тәтті сусындар мен тамақтардың құрамында қанттың көбеюімен түсіндіреді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: