Бас мүфтиге құрмет көрсетіліп, иығына шапан жапты

Бас мүфтиге құрмет көрсетіліп, иығына шапан жапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында Жаңаөзен қаласына барды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымов Бас мүфтиді ілтипатпен қарсы алды. Ел ағалары бас қосқан дастархан басында Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымов Бас мүфтиге құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. «Елдігіміз бен бірлігімізге нұқсан келмеуіне, іргеміздің сөгілмеуіне сіздердің де қосып жатқан үлестеріңіз зор. Дін - бұл біздің руханиятымыз, дәстүрімізбен тығыз байланысқан рухани байлықтың қайнар бұлағы. Ендеше Алла Тағала дін жолында жасап жатқан істеріңізге береке берсін, ел қамындағы жұмыстарыңызға жеңілдік берсін!»,- деді қала басшысы С. Тұрымов.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: